{metadescription}
Шымкентте күдік тудырған «қара сөмке» тұрғындардың зәресін алды

Шымкентте күдік тудырған «қара сөмке» тұрғындардың зәресін алды

Шымкентте көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан күдік туғызған сөмке табылған. Иесіз жатқан «қара сөмкенің» кесірінен бүтін бір үйдің тұрғындары түн ішінде далаға шығуға тура келді. 

Өйткені полицияға белгісіз біреуден көпқабатты үйлердің бірінің алдында ішінде не бары белгісіз қара пакет туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшылары  ауланы қоршауға алып, тұрғындарды қәуіпсіз жерге шығарған. Сондай ақ оқиға орнына жедел жәрдем қызметі де шақырылған.

Жұрттың көпшілігі не болып жатқанын естіп, далаға қашып шыққан. 80 пәтердің тұрғындары аулада бір сағаттай тұрды.

Тиісті шаралар атқарылған соң, полицейлер қара пакетті тексерді. Жарылғыш зат табылмаған, тек қыстық киімдер болыпты.

Қазір ішкі істер департаментіне кімнің хабарласқаны анықталып жатыр.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде