{metadescription}
Головкин мен «Канелоның» матч-реваншы қай жерде өтетіні белгілі болды

Головкин мен «Канелоның» матч-реваншы қай жерде өтетіні белгілі болды

Оскар Де Ла Хойя "Канело" мен GGG арасында жекпе-жектің өтуіне ештеңенің кедергі келтіре алмайтынын айтты.

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының негізін қалаушы Оскар Де Ла Хойя ESPN Deportes басылымына берген сұхбатында Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің екінші кездесуі қайда болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

«Жекпе-жек Лас-Вегаста болу керек. Оның үстіне көптеген аренаға мұндай деңгейдегі кездесулерді өткізу қиын. Мысалға, Далласта кабелді телеарна арқылы жекпе-жекті қарайтындай қонақүйлер аз. Ал, Лас-Вегаста туристер үшін индустрия: мейрамханалар, шоу... бәрі бар. Сондықтан, Лас-Вегас біз үшін қазір бірінші нұсқа болып тұр», - деді Де Ла Хойя ESPN Deportes-ке берген сұхбатында.

Ал GGG промоутері Том Леффлер реваншты өткізуге тек үш аренаны көздеп отырғанын мәлімдеді. Олардың ішінде, Лас-Вегастағы T-Mobile Arena бар. Бұл жерде Головкин мен «Канелоның» алғашқы кездесуі өткен. Бірақ Леффер келесі жекпе-жекті басқа қалада өткізгісі келінін жеткізді.

Сондай-ақ, Том Леффлер "Канело" өкілдерімен бірге 2018 жылдың 5 мамырында өтетін кездесуді ойластырып, талқылып жатқандарын растады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде