{metadescription}
ВИДЕО: Қазақстан әртістері Шереметьевоны дүр сілкіндірді

ВИДЕО: Қазақстан әртістері Шереметьевоны дүр сілкіндірді

«Астана мюзиклінің» әртістері «Шереметьево» әуежайында ұшуды күтіп отырып «Көзімнің қарасы», «Менің Қазақстаным» әндерін орындап, жолаушылардың көңіл күйін көтерді.

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Қазақстандықтар Париж, Брюссель, Вена, Канн, Берлин – Еуропа гастрольдік сапарынан келе жатыр. Мәскеуде гастрольдің соңғы концерттін берген болатын.

Astana Musical театрының әкімшілік директоры Олжас Ыбраевтың айтуынша, Шереметьево әуежайында рейсті 30-40 минутқа кешіктірген.  "Бәрінің көңіл күйін көтергіміз келді. Туған жерімізді сағынып кеттік. Екі апта гастрольдік сапарда болғанбыз. Әрине, жолаушылар алғашында таңданысын жасырмады, «бұл не», бұлар кім» деп аң-таң болды. Сосын сұрастыра бастады. Әннің сөзін білетіндер қосылып шырқады. Тіпті ресейлік бір әйел біздің кедендік бақылаудан өткенде Қазақстан халқының талантты екенін айтты", - дейді Ыбраев.

Оның айтуынша, гастрольдік сапарға шамамен қазақстандық 70 әртіс қатысты. Бұл жас ұжым. Ең ересегі 25 жаста.  "Жас театр. Биыл екінші маусымды аштық", - деп түсіндірді Astana Musical әкімшілік директоры.

ДЕРЕККӨЗ: Tengrinews.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде