«Қарағанды аруы сыйлығын балалар үйіне тарту етті
«Қарағанды аруы сыйлығын балалар үйіне тарту етті

«Қарағанды аруы сыйлығын балалар үйіне тарту етті

«Қарағанды аруы-2017»  Екатерина Дворецкая байқауда жеңіп алған ақшасын туған қаласындағы балалар үйінің біріне тапсырды.

Қарағандының ең сұлу қызының тартуы 500 мың теңгені құрады. Бұл шешімді Катя осыдан бір ай бұрын, байқауда жеңіске жеткен күні-ақ қабылдаған екен. Көкейіндегі арманын тек Алматыдан оқудан келген соң ғана орындаудың сәті түсті.  

"Осыдан бірнше жыл бұрын достарыммен осы Балалар үйіне еріктілер қатарында келген едім. Сол уақытпен жағымды естеліктерім көп. Сондықтан ақшаны қайда жұмсарымды алдын ала жоспарлап қойғам", - деді Дворецкая.

Балалар үйінің тәрбиеленушілері мейірімді жанды мерекелік бағдарламамен қарсы алды.

Екатерина, өз кезегінде, балаларға ақылын айтты.

 "Мейірімге ие болу үшін өзің мейірімді болып, елге де мейірім сыйлай білуің керек деп айтады. Толық қосыламын. Айналаңдағы адамдарға барынша көмектесуге тырысыңдар, игі істерің өздеріңе қайтады. Сендердің болашақтарың жақсы болады, өйткені сендер өте таланттысыңдар, мен оған сенімдімін", - деді Катя.  

Балалар үйінің әкімшілігі сұлу қыздан алған ақшаны шығармашылық үйірмелерді дамытуға жұмсауды жоспарлап отыр. Жаңа фотоаппарат, музыкалық аспаптар мен көркемөнерпаздарға қажетті материалдар сатып алмақшы.

ДЕРЕККӨЗ: Tengrinews.kz

Кеше1

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...