{metadescription}
ВИДЕО: Алматыда көлік қағып кеткен жүргінші ауруханада қайтыс болды

ВИДЕО: Алматыда көлік қағып кеткен жүргінші ауруханада қайтыс болды

Алматыдағы Әйгерім шағын ауданында  Mazda  көлігі жүргіншіні қағып кетті.

Бұл туралы patrul.kz хабарлайды.

Mazda 626 көлігі Строительная (Әйгерім шағын ауданы) солтүстік бағытпен келе жатқан. №15 «Г» үйдің жанында жолға кенеттен шыға келген 1966 жылғы жүргіншіні  көлік қағып кетті. Жүргізуші кенеттен жолға шыға келген адамды байқамай қалған.

Жедел медициналық көмек  ауыр жарақат алған жүргіншіні ауруханаға жеткізгенімен, қатты жарақаттан ер адамның жүрегі қабылдау бөлімінде тоқтады.

Жол көлік апатына қатысты мән-жайды полиция анықтап жатыр. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде