{metadescription}
Шешенстан басшысына қарсы санкция қолданылады

Шешенстан басшысына қарсы санкция қолданылады

Америкалық билік Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровқа қарсы санкция жариялады.

АҚШ "Магнитский тізімі" аталып кеткен санкцияға тағы бес ресейлікті қосты, оның ішінде Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров та бар, - деп хабарлайды РИА Новости 

Ведомство сайтында жарияланған ақпарат бойынша, тізімге енгендер Аюб Катаев, Юлия Майорова, Андрей Павлов және Алексей Шешени. Бұл тұлғалардың лауазымдары көрсетілмеген.  

АҚШ "Магнитский тізімін" 2012 жылдың желтоқсанында қабылдаған. Ол бойынша, америкалық билік пікірінше адам құқығын бұзуға қатысы бар ресейліктерге қатысты санкция қолданылады. Ал Ресей тарапы "Магнитский ісін" саясиландырудың ешқандай жөні жоқтығын бірнеше рет айтқан. 

Дереккөз: tengrinews.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде