{metadescription}
Мәскеуде автобус жерасты өткеліне түсіп кетіп, бес адам қаза тапты

Мәскеуде автобус жерасты өткеліне түсіп кетіп, бес адам қаза тапты

Мәскеудің батысындағы «Славян бульвары» метросының маңында, автобус жерасты өткеліне түсіп кетті. Көлік астына қалған бес адам көз жұмып, тағы сегіз адам жарақат алды.

Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттіг хабарлады.

Қаланың жедел медицина орталығының мәліметінше, бес адам мерт болып, сегіз адамға дәрігерлік көмекке жүгінген. Құрбан болғандардың нақты саны әлі де анықталу үсінде.

Бұған дейін автобус астында қалған үш адамның шығарылғаны туралы хабарланған болатын. Оқиға  орнында құтқарушылар, өрт сөндірушілер мен жедел қызмет топтары жұмыс істеуде. 10 жедел жәрдем көлігі және ауыр жараланғандарды тасу үшін санавиация тікұшағы да жұмылдырылды.

Айта кетерлігі, «Славян бульвары» - жаяу жүргіншілер ең көп шоғырланатын жерлердің бірі, қайғылы оқиға кезінде өткелде адамдар көп болған.    

Дерексөз: ҚазАқпарат

 

Кеше

19 сәуір

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде