{metadescription}
Жаңа жылға орай қосымша пойыздар қатынайды

Жаңа жылға орай қосымша пойыздар қатынайды

Тұрғындар сұранысының артуына байланысты «Жолаушы тасымалы» АҚ Жаңа жыл қарсаңында қосымша пойыздарды шығарды.

Бұл туралы , «Жолаушы тасымалы» баспасөз қызметі АҚ  хабарлайды.

Қосымша пойыздар төмендегі бағдарлар бойынша қатынайды: «Астана Нұрлы жол-Павлодар» бағытында №174/173 пойыз 1 рейс жүреді.

Пойыз Астанадан 30 желтоқсан күні 23 сағат 50 минутта жолға шығып, Павлодарға 31 желтоқсан күні 05 сағат 46 минутта жетеді.

Кері бағытта Павлодардан 31 желтоқсан күні 09:15-те жүріп, Астанаға 31 желтоқсанда 15:15-те жетеді. Пойыздың 22 «Тұлпар-Тальго» жолаушы вагоны бар, соның екеуі «Бизнес», біреуі «Гранд», тағы біреуі «Гранд PMR» класының вагондары болса, қалған 18-і «Турист» класының вагондары. Орындар саны - 346.

«Астана Нұрлы жол-Шымкент» бағытында №178/177 пойыз 2 рейс жасайды. Пойыз Астанадан 27 және 29 желтоқсан күндері 22:30-да жолға шығып, Шымкентке 28 және 30 желтоқсан күндері 17:05-те жетеді. Кері бағыттағы пойыз Шымкенттен 28 және 30 желтоқсан күндері 18:05-те жолға шығып, Астанаға 29 және 31 желтоқсан күндері 12:54-те жетеді.

Пойыздың 24 «Тұлпар-Тальго» жолаушы вагоны бар, соның екеуі «Бизнес», біреуі «Гранд PMR» класының вагондары болса, қалған 21-і «Турист» класының вагондары. Орындар саны - 425.

 

Еске сала кетсек, бұрын мереке күндері сұранысы жоғары бағыттар бойынша қосымша тағы 15 пойыз шығарылған болатын. 

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.