{metadescription}
ВИДЕО: Азық-түлік дүкенінде босанып қалды

ВИДЕО: Азық-түлік дүкенінде босанып қалды

Дүкеннің қожайыны жаңа туған нәрестенің кіндігін кесті.

Калифорния тұрғыны супермаркетте ана атанды. Дүкеннің қожайыны Иссамар Сепульведе, сондай-ақ аспазшы мен ет сатушы толғақ қысқан әйелді босандырып алды.

«Біздің кассир жедел жәрдемге телефон соқты, ет сатушы қайшы әкеп, ал мен кіндігін кестім», - дейді Сепульведа.

Сепульведаның айтуынша, сәбидің күлгін түсті терісін көргенде шошып кеттік. Жедел жеткен құтқару қызметі жаңа туған баланың тоңып қалғанын, оны жылыту керектігін айтқанда көңіліміз орнына түсті. Сосын шақалақты жылы көрпеге орадық.

Иссамар өзінің Facebook-тегі парақшасына жас босанған әйелге көмек қажет екенін және нәрестеге киім-кешек жинауға шақырды.

«Анасы нәрестесін асырауға жағдайы жоқ»  -деп жазды ол. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.