{metadescription}
ВИДЕО: Өзбекстанда Қайрат Нұртастың әнінің кавер-нұсқасы жазылды

ВИДЕО: Өзбекстанда Қайрат Нұртастың әнінің кавер-нұсқасы жазылды

Өзбекстандық жас әнші Қайрат Нұртастың «Алматының түндері-ай» әнінің кавер-нұсқасын жазды.

Өзбек әншісі Акмаль Холходжаев Қайрат Нұртастың әнін шырқады, - деп хабарлады today.kz.

Бұл ән жас жігіттің орындаған тұңғыш қазақша әні.

«Аздап өзбекше акцент бар екенін білемін, оны түзетуге болады, соған тырысамыз», - деді Акмаль Холходжаев өзінің Instagram-аккаунтында.

Әрине, бұл қазақстандық тыңдарманның назарынан тыс қалған жоқ. Кейбіреуі Акмаль  Қайратпен бәсекеге түсуіне болады деген пікір айтуда.

«Қазақша айтқан әніңіз үшін рақмет! Құлаққа жағымды естіледі», - деп жазды бір қолданушы әлеуметтік желіде. 

Дереккөз: CAVER CHANNEL (YouTube)

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде