{metadescription}
Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде өтетін брифингке қатысады

Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде өтетін брифингке қатысады

Қаңтардың он сагізінде өтетін Қауіпсіздік Кеңесінде ядролық қаруды таратпау мәселесі басты талқыланатын тақырып болмақ.

Бұл туралы сейсенбіде Нью-Йорктегі  БҰҰ штаб-пәтерінде болған баспасөз мәслихатында Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі,  Қауіпсіздік Кеңесінің қаңтардағы төрағасы Қайрат Омаров мәлімдеді.

Елші Қауіпсіздік Кеңесінің осы айдағы жұмысы жайында әңгімеледі, сондай-ақ 18 қаңтарда Кеңесте жаппай қырып-жою қаруларын таратпауға арналған жоғары деңгейдегі тақырыптық брифинг өтетіндігін айтты. Оған бірқатар елдердің басшылары мен министрлері қатысады. Брифингте Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлейді.

Ал 19 қаңтар күні Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Ауғанстан мен Орталық Азия елдері арасындағы өңірлік ынтымақтастықты арттыруға бағытталған министрлік деңгейіндегі дебатқа төрағалық етпек. Отырыста БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш сөз сөйлейді. БҰҰ басшысы Орталық Азияға өткен жылдың жазында келген.

Қазақстан елшісінің сөзіне қарағанда, Қауіпсіздік Кеңесінің қаңтардағы күн тәртібінде тұрған үшінші маңызды тақырып Таяу Шығыс, соның ішінде Палестина мәселесі болмақ. Сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері Сириядағы жағдайды да талқылайды, - деді Қ. Омаров. Ол 2017 жылы желтоқсанда Астанада Сирия бойынша кезекті кездесу өткендігін еске салды. БҰҰ-да оны нәтижелі деп бағалады.

Айта кетейік, Қазақстан алғаш рет Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болды және алғаш рет оған төрағалық етуде. Қазақстан Орталық Азия елдерінің ішінде Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайланған алғашқы мемлекет атанды.  

Фото БҰҰ/Чиа Пак. Қазақстан Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылы БҰҰ мінберінен сөз сөйлеуде. 

Дерексөз: ҚазАқпарат

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде