{metadescription}
ВИДЕО: Сеул мен Пхеньян бір-біріне жылы қабақ танытты

ВИДЕО: Сеул мен Пхеньян бір-біріне жылы қабақ танытты

Оңтүстік және Солтүстік Корея елдері арасында «шұғыл желі» қалпына келтіріліп, тараптар телефон арқылы сөйлесті.

Тараптар келіссөздер  жүргізуге және факс жіберу үшін еш кедергі жоқ екеніне көз жеткізді, - деп жазады Вести.ру.  

3-ші қаңтардан бастап КХДР мен Корея Республикасы арасындағы қарым-қатынас жылыды деп айтуға болады.

Екі ел өкілдері қалпына келтірілген «жедел желі» бойынша телефон арқылы сөйлесті.

 Жергілікті уақыт бойынша сағат 15.30-да Солтүстік Корея тарапынан Пханмунчжом бақылау пунктінде,  демилитаризацияланған аймақта арнайы байланыс орнатылды.  

Тараптар «шұғыл желі» арқылы Пхенчхандағы Олимпиадаға Солтүстік Корея командасының қатысуын, сондай-ақ жарыстардағы ынтымақтастықты талқылайды.

Сеул КХДР көшбасшысының солтүстіккореялықтардың Ойындарға бару жөніндегі бастамасын құптады.

Мемлекеттердің достық қарым-қатынасы 9 қаңтарда Корей түбегі елдерінің арасында жоғары деңгейде табысты келіссөздер жүргізуге үміт береді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде