{metadescription}
Тайсон емдік марихуананы өсірумен айналыспақ

Тайсон емдік марихуананы өсірумен айналыспақ

Атақты спортшы, бокстың экс-абсолюттік әлем чемпионы Майк Тайсон марихуана өсіру бизнесімен айналысқанды қалайды.

Бұл салада онымен бизнесмендер Роберт Хикман және Джей Строммен серіктес болмақ.

ТАСС хабарлағандай, Калифорния-Сити қаласының маңындағы 16 гектардан астам «Тайсон ранчосында» есірткі затын өсіретін болады.

Оның ранчо аумағында марихуана өсіру әдісін үйрететін мектеп ашу жоспарлануда. Онда аталмыш өсімдіктің емдік қасиетін зерттейтін болады.

Майк Тайсон өзінің спорттық мәнсабын 2005 жылы аяқтаған болатын. Майк тарихтағы ең мықты боксшылардың бірі.

1 қаңтардан бастап рекреациялық мақсатта Калифорнияда  марихуана сатыла бастады. Бұл бастама 2016 жылдың қараша айында Калифорниядағы сайлаушылар тарапынан қолдау тапқан болатын. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде