{metadescription}
Қарағандыда ерлі-зайыптыларға белгісіз адам пәтер сыйлады

Қарағандыда ерлі-зайыптыларға белгісіз адам пәтер сыйлады

Белгісіз кәсіпкер жетім өскен адамның бала-шағасына Қарағандыда үші бөлмелі пәтер сыйлады.

Жаңа жыл қарсаңында балалар үйінің тәрбиеленушісі  Евгений Дмитриевтің отбасында ғажайып оқиға болды.

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

«Пионер балалар үйі» ҚМУ-нің түлегі Евгений Дмитриев бала-шағасымен үйлену тойына берілген барақта тұратын. Пәтердің есік-терезесі де жоқ болғандықтан Евгений үйді өз күшімен қалпына келтіргеніне қуанып жүрді.

Бірақ 2016 жылы пәтерге бұрынғы қожайыны таласты. Сотқа Қарағанды әкімдігі араласты. Қала әкімі Қазыбек би ауданының №2 сотына пәтерден шығару туралы екі арыз берді. Евгений мен оның жас балалары айыпталушы боп шықты. Сөйтіп Дмитриевтер отбасы далада қалды. Пәтермен қоса жұмысынан да айырылып, ерлі-зайыптылар кездейсоқ іспен айналысып нәпақаларын тауып жүрді.

Жаңа жыл қарсаңында керемет оқиға есінен тандыра жаздады. Ерлі-зайыптыларға белгісіз кәсіпкер Майқұдықта үші бөлмелі пәтер сыйлады.

«Бізге бес қабатты үйдің екінші қабатында үш бөлмелі пәтер берілді. Пәтер жып-жылы, жиһазы бар. Біз кімнің сыйлағанын білмейміз, кімге алғыс айтарымызды білмейміз. Сонда да: «Рақмет, мейірімді адам!»деуден жалықпаймыз», - деп Евгений қуанышымен бөлісті.

Дмитриевтің отбасы жаңа пәтерге көшіп үлгерді. Сонымен қатар, күйеуі мен әйелі жұмысқа да орналасты.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде