{metadescription}
Кейт Бланшетт 71-ші Канн кинофестивалінің қазылар алқасын басқарады

Кейт Бланшетт 71-ші Канн кинофестивалінің қазылар алқасын басқарады

Австралиялық актриса,  «Оскар» жүлдесінің екі мәрте лауреаты Кейт Бланшетт  71-ші Канн кинофестивалінің қазылар алқасын басқарады.  

Бұл туралы Франс-Пресс хабарлады.

Кейт Бланшетт өз көрермендеріне көптеген киноленталар арқылы таныс. Ол «Сақиналар әміршісі», «Бэджамин Баттоның жұмбақ оқиғасы», «Кэрол», «Золушка», «Алтын ғасыр» сияқты көптеген фильмдерге түскен. Қазылар қатарында Кейт тұңғыш рет болмақшы. Канн фестивалінің президенті Пьер Лескюр актрисаға сенім артып, оның бірегейлігін және талантын ерекше атап өткен болатын.

ДЕРЕККӨЗ: ҚазАқпарат

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.