{metadescription}
ВИДЕО: Ниагара су құламасын мұз басты

ВИДЕО: Ниагара су құламасын мұз басты

Қытымыр аяз бен төмен температура атақты су құламасын қатыра бастады.

 
Сондай-ақ, АҚШ-тың бүкіл аймақтарында 9 адам аяздан қатып өлді.

Ниагара су құламасы — Солтүстік Америкадағы АҚШ пен Канаданың шекарасымен ағып өтетін Ниагара өзенінің орта ағысында. Эри мен Онтарио көлдерінің қысқа аралығында Ниагара өзені 100 метрге жуық биіктіктен төмен қарай құлап ағады. Су құламасының астындағы тау жыныстары доломитті әктастар мен сазды тақтатастардан тұрады. Әктастардан тұратын кемері үнемі шайылудың әсерінен Эри көліне қарай жылына 7 – 10 см жылжуда.

Ниагара су құламасы Козий аралымен 2 бөлікке бөлінген: канадалық (“таға” – тоғыз жүз метрлік доға) бөлігінің биіктігі 48 м, ені 800 м және америкалық бөлігінің биіктігі 51 м, ені 300 м. Судың гүрілі 25 км жерге дейін жетеді.  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде