{metadescription}
Рио-де-Жанейрода жағалаудан 88 өлі дельфин табылды

Рио-де-Жанейрода жағалаудан 88 өлі дельфин табылды

Бразилиялық экологтар Рио-де-Жанейро маңындағы бухтадан табылған 88 дельфиннің неден өлгенін анықтап жатыр.

Бұл туралы Reuters ABC басылымы хабарлады.

18 күннің ішінде бухтадан 88 өлі жануардың денесін алып шыққан. 

Биолог Леонардо Флачтың айтуынша, дельфиндердің өліміне бактерия не вирус әсер еткен болуы мүмкін. 

  "Біз бұрын соңды мұндайды көрген жоқпыз. Бұл орны толмас қайғы. Күн сайын біз төрт-бес өлі дельфинді судан алып шығып жатырмыз", - деді ол.

 2017 жылы тамызда Бразилияда жағалауға шығып кеткен 14 метрлік китті құтқарған еді. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде