{metadescription}
Талғат Ермегияев 5 тәулікке тәртіптік изоляторға қамалды

Талғат Ермегияев 5 тәулікке тәртіптік изоляторға қамалды

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы сотталған Талғат Ермегияев тәртіп бұзғаны үшін 5 тәулікке изоляторға қамалды.

Бұл туралы КТК арнасы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. 

«Қамауда ұстау режимін бұзған Талғат Ермегияев тәртіптік изоляторға бес тәулікке қамалып, қамауда ұстау тәртібін бұзушы деп танылды. Бұған дейін ол жеңіл жағдайда қамауда болған », - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Мекемедегі ең жоғарғы қауіпсіздік жағдайда отырған адам азық-түлік пен негізгі қажеттіліктерді сатып алу үшін он айлық есептік көрсеткішті жұмсауға құқылы, жыл ішінде алты сәлемдеме немесе аударымдарды және алты бандероль алуға және төрт қысқа, төрт ұзақ  кездесуге құқылы.

«Ал сотталған Ермегияевтің өзіне келсек,  ол қылмыстық іс тергеу барысында қазір Астана қаласының тергеу изоляторында отыр», - деп хабарлады ведомстводан.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде