{metadescription}
ВИДЕО: Қазақ қызы француз радиосында Лара Фабианның әнін шырқады

ВИДЕО: Қазақ қызы француз радиосында Лара Фабианның әнін шырқады

12 жастағы қазақ қызы Санат Асуаттың орындауындағы  Лара Фабианның Je t'aime  әні Франция мен Бельгия радиоларында беріліп жатыр.  

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Анасы Жаннат Санғалиеваның айтуынша, Франция мен Бельгияда таратылатын Saumur радиосының қызметкерлері қызының Instagram парақшасына шығып өтініш жасаған.

«Олар nstagram-да Лара Фабианның әнін шырқаған бейнеклипті көріп, аудио нұсқасын жіберуді сұрады. Кейінірек, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Saumur радиосында ротация басталатынын айтты. Ән күніне бірнеше рет ойналады. Ротация екі айға созылады. Өкініштісі, біз радионы тыңдай алмай жүрміз, өйткені уақыт айырмашылығы бар», - деді Санат Асуаттың анасы Жаннат Санғалиева.

Сондай-ақ, Санаттың қысқаша өмірбаянын және жетістіктері туралы жазып жіберуін сұрапты.

«Әнді жібергенде, мен француз тілін үйренбегендігімізді ескерттім, олар «бәрі жақсы, бәлендей кемістік жоқ» деді. Оларға Санаттың орындағаны ұнапты.  

Санат Асуат Атырауда тұрады. Төрт жасынан бастап вокалмен айналысады. 2017 жылдың қазан айында ол Македониядағы балалар байқауына қатысып, Гран-при жеңіп алды. Бұл байқауға қатысу үшін композитор Болат Кохаманов «Арманыңа сен» әнін жазып берген. 

Кеше

20 сәуір

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде