{metadescription}
Алдағы бес жылда экономикасы өсетін елдер

Алдағы бес жылда экономикасы өсетін елдер

Fitch Ratings халықаралық реитинг агенттігі әлемдегі дамушы 10 мемлекеттің экономикалық өсіміне болжам жасады.

 Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.  

Оның ішінде Түркия да бар. Есепке сәйкес, жақын бес жылда Түркия экономикасы бір жылда шамамен 4,8 пайызға көтерілмек.

 Fitch Ratings агенттігінің сараптамалық баяндамасында Түркияға инвестиция құйылу деңгейі жоғары қалпында сақталады деп болжам жасалған. Рейтинг сатысында 4,8 пайыздық ІЖӨ болжамымен Түркия үшінші орында тұр. Болжамға сәйкес, дамушы елдер ішінде демографиялық факторлардың ықпалымен және елге салынатын мол инвестицияның есебінен бірінші орынға Үндістан шығады.

Алдағы бес жылда Үндістан экономикасының жылдық орташа өсімі 6,7 пайызды құрамақ. Одан кейінгі орындарда 5,5 пайыздық өсіммен  Қытай және Индонезия тұр. Fitch Ratings болжамына сәйкес, Мексика, Польша және Оңтүстік Корея экономикасының орташа жылдық өсімі алдағы бес жылда 2,5-3 пайызды көрсетеді. Оңтүстік Африка, Ресей және Бразилия көрсеткіші 2 пайыздан төмен деп болжанған.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде