{metadescription}
ФОТО: Жалғыз адамға арналған «капсула қонақ үй» пайда болды

ФОТО: Жалғыз адамға арналған «капсула қонақ үй» пайда болды

Қытайдағы Үрімжі халықаралық әуежайында ерекше үлгідегі «капсула қонақ үй» пайдалануға берілді.

Бұл туралы People Daily сайты хабарлады.

«Капсула қонақ үй» Үрімжі халықаралық әуежайының үшінші терминалы ғимараты ішінде орналасқан. Онда жалпы 52 демалыс бөлмесі бар. Бір қызығы, бөлменің ішкі  диаметрі 2 метр, биіктігі 1.1 метр ғана.

Ал осы шағын бөлме ішіне теледидар, WiFi орнатылған. Жолаушылар қонақ үйге телефон арқылы алдын ала тапсырыс та бере алады.

Соңғы жылдары Жібек жолындағы маңызды қала ретінде Үрімжіге келіп-кетушілердің саны күрт артып отыр.

Тек өткен жылы ғана Үрімжі халықаралық әуежайы 21 миллионға жуық жолаушыны қабылдаған.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.