{metadescription}
ФОТО: Дэвид Боуи мінген Volvo рекордтық бағаға сатылды

ФОТО: Дэвид Боуи мінген Volvo рекордтық бағаға сатылды

Әйгілі британ музыканты Дэвид Боуи мінген Volvo 262C көлігі Швейцарияда өткен аукционда рекордтық бағаға сатылды.

The Local басылымы мәлімдегендей, жәдігер көлікті сатып алған адам оған 212,8 мың швейцар франкын төлеген (шамамен 216 мың доллар). Volvo 262C автомобилінің бәссаудадағы бастапқы құны 65-75 франктан басталған, - деп жазады ҚазАқпарат.

Боуи мінген Volvo 1981 жылы шығарылған. Музыкант оны 1998 жылға дейін пайдаланыпты. Осы уақыт ішінде көлік бары-жоғы 53 мың шақырым ғана жүрген. Дэвид Боуи 2016 жылдың қаңтарында, 69 жасында бауырдың қатерлі ісігінен қайтыс болған еді. Өзінің карьерасында британ тарихындағы ең мықты музыканттардың ондығына кіріп, 136 миллионнан астам музыкалық жазба өнімдерін сатқан.

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде