{metadescription}
ВИДЕО: Алматыда "Мерседес" пен жолаушылар автобусының соқтығысуынан үш адам зардап шекті

ВИДЕО: Алматыда "Мерседес" пен жолаушылар автобусының соқтығысуынан үш адам зардап шекті

Жол-көлік оқиғасы түнде Төле би көшесінде болған. Куәгерлердің айтуы бойынша, жол апатына «Mercedes» жүргізушісі кінәлі.

Бұл туралы patrul.kz хабарлайды.

Қоғамдық көлік пен «Мерседес» автокөлігі Төле би көшесінің бойымен шығыс айналмалы жолдан батысқа бағытқа қарай бара жатқан. Қайырбеков көшесінің қиылысында жеңіл көліктегі жүргізуші рөлге ие бола алмаған. Жол үстінде айналып кеткен автокөлік автобуспен соқтығысып, одан соң жол жиегіндегі қоршауды соғып тоқтаған.

Оқиға салдарынан «Мерседестегі» үш адам жарақат алды.

Жол-көлік оқиғасы туралы толығырақ  жол полициясының қызметкерлері тексеріліп жатыр.

Видео: patrul.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде