{metadescription}
Алматының Шығыс айналма жолында ірі көлік апаты болды

Алматының Шығыс айналма жолында ірі көлік апаты болды

Айналма жолда бірнеше көлік апатқа ұшырап, екеуі бетон тақта мен шам бағанасына соғылған. 

"Audi" көлігі айналма жолмен солтүстік бағытта жолдың ортасында келе жатады. Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, "Toyota Camry 20" оң жақ шеткі жолақта жылдамдықты асырып келе жатыпты. «Audi» көлігін озған «Camry» жүргізушісі кенет солға қарай ығысқан.

Рөлге ие болмаған «Camry» жүргізушісі айналма жолда солтүстік бағытта кетіп бара жатқан "Hyundai Tucson" көлігін бар жылдамдықпен қағады. Қатты соқыдан екі көлік шыр көбелек айналып, "Audi" көлігін соғып кетеді. Онымен қоймай "Toyota Camry 10" көлігімен де соқтығысады.

"Toyota Camry 20" мен "Audi" шам бағанасы мен бетон тақталарға соғылған. Қатты соқыдан тақтаның бірі қарсы беттік қозғалыс жолағына ұшып түсіп, екіншісі орнынан қозғалып кеткен.

Жол апатынан екі адам зардап шекті: «Toyota Camry 20» жүргізушісі мен «Audi» жолаушысы. Олар ауруханаға жатқызылды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде