{metadescription}
Қазақстан футбол федерациясының президенті жұмыстан кетпек

Қазақстан футбол федерациясының президенті жұмыстан кетпек

Астанада Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің мүшелері бас қосты.

Бұл туралы Федерацияның баспасөз қызметі хабарлайды.

ҚФФ Атқарушы комитетінің отырысында бір қатар ауыс-түйістер орын алды.

Ұйымның Бірінші Вице-президенті және Бас хатшысы Әубәкіров Қаныш Қайдарұлының өкілеттігі отбасылық жағдайына байланысты жазған мәлімдемесі бойынша тоқтатылды.

- Бірінші вице-президент және Бас хатшы қызметіне Айтқожин Азамат Серікұлы тағайындалды. Ол вице-президент қызметінен босатылды.

 Вице-президент қызметіне Абраев Олжас Шәкенұлы тағайындалды.

Атқарушы комитетінің отырысында ҚФФ президенті Байшақов Сейілда Икрамұлының өз еркімен қызметінен кету жөніндегі мәлімдемесі қабылданды.

Бұл мәселе 2018 жылдың 10 ақпанында Астанада өтетін кезектен тыс сайлау конференциясында талқыланады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде