{metadescription}
Астанадан бес бағытқа шығатын жолдар жабылды

Астанадан бес бағытқа шығатын жолдар жабылды

Күшті бұрқасынның салдарынан Астанадан бес бағытқа шығатын жолдар жабылды.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Ведомоствоның мәліметінше, Павлодар, Қарағанды, облыстары Щучинск қаласы мен Қорғалжын кентіне дейін, Қостанай облысы бағыты бойынша Жаксы елді мекеніне дейінгі тасжолдарда көлік қозғалысы тоқтатылды.

Атап айтқанда, Астана-Павлодар облысының шекарасына дейін (Астана-Ерейментау-Шідерті бағытының 16-205 км), Астанадан Қорғалжын ауылына дейін (Астана-Қорғалжын кенті жолының 19-180 км), Астанадан Нұра ауылына дейін (Астана-Қабанбай батыр жолының 16-51 км), Астанадан Щучинскіге дейін (Астана-Петропавловск бағытының 18-231 км), Астанадан Қарағанды облысының шекарасына дейін (Екатеринбург-Алматы трассасының 1275-1353 км) және Жақсы ауылынан Астанаға дейінгі (Екатеринбург-Алматы трассасының 915-1247 км) жол бөліктері жабық.

Ақтөбе облысында Ақтөбе облысының шекарасы мен Әйтеке би қаласының шекарасы аймағында (Самара-Шымкент автожолының 1240-1474 км) көлік құралдары үшін жол жабық.

Қарағанды облысында Сатпаев пен Ұлытау ауылына дейінгі (Жезқазган-Петропавловск трассасының 24-138 км) бөлігінде көлік құралдарының қозғаласына шектеу қойылды.

Дерексөз: ҚазАқпарат

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде