{metadescription}
Астанада мектеп оқушысы боранда жоғалып кетті

Астанада мектеп оқушысы боранда жоғалып кетті

Елорда ІІД қызметкерлері баланы іздеуге кірісіп кетті.

Бұл ақпаратты елорда ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі София Қылышбекова растап отыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, бала "Құлагер" ТК ауданында тұрады. Толығырақ мәлімет кейінірек қосымша хабарланады. 

Айта кетейік, Астана қаласы білім басқармасы ауа райының нашарлауына байланысты бірінші ауысымдағы 1-ден 11-сыныпқа дейінгі оқушыларға, сондай-ақ 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайтынын хабарлаған еді.  

Сондай ақ бүгін қатты боран салдарынан Астанадан бес бағытқа шығатын жолдар жабылды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде