{metadescription}
Алматыда әйелдер сөмкелеріне «әуес» қарақшылар ұсталды

Алматыда әйелдер сөмкелеріне «әуес» қарақшылар ұсталды

Қаскөйлер қараңғы уақытта тек әйелдерді тонайтын болған.

Бұл туралы patrul.kz хабарлайды.

Алматы қ. ІІД баспасөз қызметінің мәлімдегеніндей, Алмалы АІІБ-ның жедел уәкілдері аталған қылмысқа қатысы бар деген екі күдікті азаматты қолға түсірді. Алайда ұсталған екі азаматтың бір-біріне ешқандай қатыстылығы болмай шықты. Дәлірек айтқанда екеуінің жасаған қылмыстары ұқсас екендігі белгілі болды. Олардың бұл іс-әрекеттері ҚР ҚК 191-бабы, яғни кісі тонау болып табылады.

«Тұтқындалған бірінші күдіктіге 5 адамды тонау фактісі бойынша айып тағылды. Ол кешкі уақытта Абай даңғылы бойымен келе жатқан жалғызбасты әйелдердің қол сөмкелерін жұла қашып, оқиға орнынан із жасырып отырған. Қылмыстық жолмен табылған ақша мен өзге де заттарды жеке мұқтажына жұмсап келген. Тергеу барысында ол кінәсын толық мойындады», - деп мәлімдеді Алмалы АІІБ бастығы, полиция подполковнигі Данияр Мендебаев.

Ал күдікті ретінде ұсталған 32-жасар Алматы облысының тумасыда дәл бірінші қарақшы іспетті әрекет еткен. Түнгі уақытта қылмыстық ойын жүзеге асырған ол да тек әйел азаматтарды тонаған.

« Қазіргі таңда ұсталған екі азаматта ІІД-нің тергеу изоляторына тоғытылып, олардың осы іспеттес өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Осы орайда қала тұрғындарымен қонақтары аталған екі азаматтың іс-әрекетінен зардап шеккендер болса мына телефон номерлері:254-46-08, 254-46-12 арқылы хабарласуларын сұраймыз», - деп аяқтады сөзін подполковник Мендебаев.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде