Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қытайлық қазақ боксшы IBF турнирінде жеңіске жетті
Қытайда туып өскен 19 жастағы кәсіпқой боксшы Бекзат Социалханұлы (1-1-2, 1КО) Халықаралық бокс федерациясы өңіраралық ұйымының (IBF B&R) Жібек жолы чемпионат туры (IBF Silk Road Championship Tournament) Қытайдағы кезеңінде жеңіске жетті.
16:07 15.01.2018
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
«Қытай халық газеті» ақпараттық сайтының хабарлауынша, айтулы доданың Қытайдағы кезеңі Сюйчжоу қаласында өтті.
Орта салмақта жұдырықтасатын Бекзат жеңіліп көрмеген тайландтық Чайват Муэнфунмен (4-0-0 ,2КО) кездесті. Қорытындысында жекпе-жек 10 раундқа созылып, қандасымыз төрешілер шешімімен (96:93, 97:92, 96:92) жеңіске жетті.
Осылайша, Бекзат ақпан айының соңында Макаода өтетін IBF Жібек жолы чемпионат туры ақтық бәсекесіне жолдама алды. Қандасымыз чемпионаттың ақтық белдесуінде IBF B&R титулы үшін айқасады.
Айта кетейік, Бекзат Социалханұлы Шыңжанның Тарбағатай аймағында туған. Кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 2016 жылы Қытайдағы IBF турында бастап, жалпы саны 4 кездесу өткізді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram