{metadescription}
ВИДЕО: Өрт сөндіруші үшінші қабаттан құлаған қызды қағып алды

ВИДЕО: Өрт сөндіруші үшінші қабаттан құлаған қызды қағып алды

Джорджия штаты, Атлантаның жанындағы Де-Калб аймағындағы апартаменттің үшінші қабатында 3-ші қаңтарда өрт болған.

Дегенмен өрт туралы бейнекөрініс ғаламторға екі аптадан соң ғана шығып отыр. Үш қабатты ғимарат өртке оранған. Ондаған адам өрттен шыға алмай, балкон мен шатырға өрмелеген.

Кадрда қолына кішкентай қызды көтеріп алған жартылай жалаңаш ер адам баспалдақпен түсіп келеді. Бір сәтте ол баланы төменге тастады. Қызды өрт сөндіргіш қағып алып, тұра жүгірді. Өрттен шыға сала құлап қалғаны көрінеді.

«Балконда ересек адамдар болды. Олар балаларын бізге қарай лақтыра бастады. Бірнеше өрт сөндіргіштер баланы қағып алып үлгерді. Бұл таңғажакйып көрініс болды», - дейді капитан Эрик Джексон.

Өрттен 12 адам зардап шекті, оның сегізі  - бала. Онға жуық адам үйсіз қалды. Ғимарат толық жанып кетті. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.