{metadescription}
Туған анасы мен әжесін өртеп жіберді

Туған анасы мен әжесін өртеп жіберді

Қарағанды тұрғыны туған анасы мен әжесін өлтірді деген күдікке ілінді.

Бұл туралы Kaz.tengrinews.kz хабарлайды.

 Қарағанды облысындағы Абай қалалық сотында тергеушінің Х. есімді азаматқа қатысты "қамауға алу" түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтініші қаралды.

 Бұл 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастыратын аса ауыр қылмыс жасауға байланысты болған.

"Сот Х. есімді азаматтың мас күйінде анасы мен әжесін өлімші етіп жарақаттағанын анықтады. Олардың мерт болғанын түсінген соң, ізін жасыру мақсатында өрт шығарған.

Сот үкімімен Х. есімді азаматқа қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. 
 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде