{metadescription}
2019 жылы пилоттық жобада 0-сыныптан латын әліпбиінде оқыту басталады

2019 жылы пилоттық жобада 0-сыныптан латын әліпбиінде оқыту басталады

Қазақстандағы мектептерде 2019 жылы нөлінші сынып пайда болатыны белгілі.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Білім және ғылым министрлігі осылай жоспарлап отыр.  Ендігі кезекте, БҒМ 2019 жылы мектеп қабырғасына келетін нөлінші сынып оқушыларының барлығын латын әліпбиіне оқытуды бастап кетпек. БҒМ-нің бұл ұстанымы бүгін Астанада республикадағы барлық білім басқармалары өкілдерінің басын қосқан Ерлан Сағадиев білдірді.

«Алдағы уақытттағы министрліктің ұстанымдары туралы айтып өтейін. Ең алдымен, мектепке дейнгі білім бойынша... Біздің мектептерге нөлінші сыныпты енгізу жоспар бойынша 2019 жылғы оқу жылында басталады. Оқулықтар қазіргі уақытта сараптамада. Бірақ, біздің ойымызша нөлінші сыныпты латын әліпбиімен бастап кету керек. Себебі, 2019 жылы 400 мыңға жуық балаға оқулықтарды кирилл қарпінде басып, екі жылдан кейін тағы латын әліпбиімен басу көптеген шығынға әкеледі. Біз осы ұсыныспен Үкіметке шықтық. Олар бізді қолдап жатыр», - дейді ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта оқулықтарды латын әліпбиіне аудару үшін төрт арнайы топ құрылып, жұмыс жүргізіп жатыр. Оның екеуін Сағадиевтың өзі басқарып отыр екен.

«Төрт топ Премьер-Министрдің төрағалығымен өтетін ұлттық комиссияға енеді. Осы комиссияға ұсыныстарымызбен шығып отырмыз. Енді сол төрт топ бірнеше ай жұмыс істеп, 5 айдың ішінде соңғы нақты шешімге келу керек. Жаздың басына дейін бұл жоспарға сай бір шешімге келеміз. Уақыт өте тығыз. Сондықтан, жаңа оқулықтар сараптамадан өтпесе, біз латын әліпбиінде нөлінші сыныпты оқытуды 2019 жылы тек пилоттық жоба ретінде бастаймыз деп отырмыз. Онда нөлінші сынып тек 2020 жылы ғана енгізілетін болады. Министрліктің ұстанымы мен ұсынысы осындай», - дейді ол.

Ерлан Сағадиев егер мұғалімдерді дайындап, оқулықтарға дұрыс сараптама жасай білсе жоспар іске асатынын айтады.

«Егер осы шаруаларды іске асырып үлгермесек онда 2020 жылға көшіруді көздеудеміз. Менің ойымша үлгермейтін секілдіміз. Онда 2019 жылы пилоттық жоба ретінде облыстардағы екі-үш мектептен енгізуге болады», - деп түйді Ерлан Сағадиев.  


 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.