Өскеменде ақша бопсалады деп айыпталған блогер сотталды
Өскеменде Facebook әлеуметтік желісінде "Дядя Река" лақап атымен танымал блогер Ринат Халиковқа қатысты сот үкімі шықты.
16:44 17.01.2018
Бұл туралы Kaz.tengrinews.kz хабарлайды.
Айта кетейік, блогер аса ірі көлемде ақша бопсалады деп айыпталған еді. Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкіміне сәйкес, Ринат Халиков 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Осыған дейін блогердің аса ірі көлемде ақша бопсалады деген айыппен сот алдына келгені хабарланған болатын. "Табылған айып түсінікті. Кінәмді толықтай мойындамаймын", - деп келтірілген Халиковтың сөздері жарияланған хаттамада.