{metadescription}
ВИДЕО:Алматыда өрт болды

ВИДЕО:Алматыда өрт болды

Алматы қ. ТЖД «101» пультына Таугүл ықшам ауданындағы №11-үйдің пәтерлерінің бірінен өрт шыққаны жайлы ақпарат түсті.

Оның салдарынан бір адам зардап шекті, деп хабарлайды patrul.kz.

Алғашқы болжам бойынша, пәтерде газ шығып кеткендіктен жарылыс болған.

ТЖ өрт сөндірушілері аз уақыт ішінде тұтану ошағын ауыздықтап, өртті толығымен өшірген.

Пәтердің ас бөлмесі мен дәлізі жанып кеткен. Өрт ауқымының көлемі 12 ш.м. құрады.

Өрт нәтижесінде бір адам зардап шекті. Қатты күйік алған ол жақынарадағы ауруханаға жеткізілді.

Өрт себептерін Алматы қаласының ТЖД-інің мамандары анықтайтын болады.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде