{metadescription}
"Барыс" Канада құрамасының шабуылшысымен келісімшартын бұзды

"Барыс" Канада құрамасының шабуылшысымен келісімшартын бұзды

Ол қазір ҚХЛ-дың үздік шабуылшысы әрі ассистенттерінің қатарына кіреді.


Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Елордалық "Барыс" хоккей клубы Канада құрамасының шабуылшысы Линден Веймен келісімшартты бұзды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр. 

"Барыс" хоккей клубы мен шабуылшы Линден Вей екіжақты келісім бойынша келісімшартты бұзды. "Барыстың" бас бапкері қызметін атқарып жатқан маман бұл туралы ойын кейінірек білдіреді", - делінген ресми сайт таратқан ақпаратта. 

Айта кетейік, Вэй "Барыстың" бірінші құрамасының шабуылшысы еді. Ол қазір ҚХЛ-дың үздік шабуылшысы әрі ассистенттерінің қатарына кіреді. Сонымен қатар Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы Олимпиадада Канаданың намысын қорғайтын хоккейшілердің қатарына қосылды. 

Еске салайық, бұған дейін "Барыс" Вейді және басқа бірнеше хоккейшілерді түзде өтетін кездесулерге алып бармады. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.