{metadescription}
Зейнеп Ахметованың жаңа кітабы жарық көрді

Зейнеп Ахметованың жаңа кітабы жарық көрді

Қазақстандық жазушы, Бауыржан Момышұлының келіні, қазақы дәстүрлерді, отбасылық құндылықтарды насихаттаушы Зейнеп Ахметованың жаңа кітабы жарық көрді.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Күретамыр» деп атаған кезекті кітабын жазушы бала тәрбиесіне арнап отыр. «Қазақтың салт-дәстүрі туралы қалам тербеген этнографтар жетерлік. Бірақ, олар өз еңбектерінде ұлттық жөн-жоралғылардың қалай жасалатынын ғана айтатын. Зейнеп апаның жаңа кітабында келіннің бойына бала біткеннен, оның дүниеге келуі, өсуі, мүшел жасқа жетуіне дейінгі аралықта жасалатын салт-дәстүр мен ырым-тыйымдар, олардың мән-мағынасы, не үшін жасалатыны кеңінен түсіндіріледі», - деп жауап берді З.Ахметованың көмекшісі, журналист Айгүл Болатханқызы.

Айгүл Болатханқызының айтуынша, қазақ баласының тәрбиесі туралы тағылымға толы «Күретамыр» -  автордың бұған дейін жарық көрген «Шуақты күндері» мен «Бабалар аманатының» заңды жалғасы. Жаңа кітап 2 мың таралымен, демеушінің қаржысына шығарылған. Кітап дүкендер желісіне әзірге түспегендіктен оны автордың көмекшісінен алуға болады.


 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.