{metadescription}
Ақтөбеде Өзбекстан азаматтары мінген тағы бір жолаушылар көлігі істен шықты

Ақтөбеде Өзбекстан азаматтары мінген тағы бір жолаушылар көлігі істен шықты

Ақтөбенің Ырғыз ауданында Өзбекстан азаматтары мінген автобус істен шықты.

Олар Ресейдің Уфа қаласына бара жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбеде Өзбекстан азаматтары мінген автобус тағы да істен шықты. Бұл жолы оларды төтенше жағдайлар қызметі құтқарып қалды. Барлығы 53 жолаушы дін аман, олар жылыту бекеттеріне жеткізілді.

«Кеше кешкілік «Ақтөбе - Ырғыз» тасжолының 306 шақырымы, Қалыбай ауылынан 24 шақырым жерде «Шымкент-Уфа» бағыты бойынша жолға шыққан «Сетра» маркілі автобусы техникалық ақауға байланысты жолда тұрып қалды. Автобус ішінде Қазақстанның үш жүргізушісі және 53 жолаушы болды. Жолаушылардың бәрі Өзбекстан азаматы. Оның төртеуі бала. Ақтөбе облысының ТЖД «Апаттар медицинасы орталығы» күшімен автобустағы 53 жолаушы құтқарылды. Олардың ішінде 26 жолаушы «ЖПУ-10» жылыту бекетіне және 27 жолаушы «Қалыбай» трассалық медициналық құтқару бекетіне орналастырылды»,- деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

«Қазавтожол» қызметі техникалық ақауы бар автобусты Қалыбай ауылына жеткізді. Ал автобус жүргізушілері жылыту бекетіне орналастырылды. Кейін автобустың барлық жолаушысы Қалыбай ауылының «Аят» кафесіне жеткізілген.

Негізінен қыс маусымы басталғаннан бері 6 оқиға тіркеліп, 147 адам құтқарылды.

Еске салсақ, 18 қаңтар күні «Икарус» маркалы автобус Шымкенттен Ресейдің Қазан қаласына бет алып, түгел өртеніп кеткен болатын. Үкіметаралық комиссия өрттің шамнан тұтанғанын, автобус ішінде бензин толы арнайы құты болғанын анықтады.

Оқиға салдарынан 52 жолаушы көз жұмып, 5 адам жараланды. Бұл қайғылы оқиға да Ырғыз ауданының Қалыбай ауылынан 10 шақырым қашықтықта тіркелді


 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде