{metadescription}
Криштиану Роналду: Месси - нашар футболшы

Криштиану Роналду: Месси - нашар футболшы

Мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Криштиану Роналду "Барселонаның" шабуылшысы Лионель Мессиді нашар футболшы деп атады.

Бұл туралы Kaz.tengrinews.kz хабарлайды.

Испания біріншілігінің 20-турында "Депортивоға" қарсы ойынның алдында футболшылары алаңға алып шығатын балалардың бірі Роналдуге - "Мен үшін сен әлемдегі ең мықтысың, ал Месси...", - деген.

Осы кезде португалиялық шабуылшы "Ал Месси - нашар футболшы", - деп сөйлемді бітірген.

Ал "Реал" мен "Депортиов" арасындағы кездесу 7:1 есебімен мадридтік клубтың пайдасына аяқталды.

Бұл ойында Роналду екі гол соғып, қабағын жарып алды. Айта кетейік, 2008 жылдан бері әлемнің үздік футболшысына берілетін "Алтын допты" Роналду мен Месси кезек-кезек алып келді. Қазір бұл екі футболшының еншісінде бес "Алтын доптан" бар.
 

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.