{metadescription}
Instagram-да "аңдуға қарсы" жаңа функция пайда болды

Instagram-да "аңдуға қарсы" жаңа функция пайда болды

Енді Instagram әлеуметтік желісінің қолданушылары Direct-те WhatsApp пен Facebook мессенджерлеріндегідей қолданушының өз парақшасына қай уақытта кіргенін көре алатын болады.

Бірақ жаңа функцияның арқасында Instagram-ның жаңартылған нұсқасындағы бұл өзгерісті өшіріп тастауға болады.

Instagram қолданушысы Direct-ке кіргенде хат алмасқан адамның соңғы рет қаншада онлайн болғанын көре алады.

Бірақ қолданушы бұл мәліметті өзге біреудің көргенін қаламаса, ол функцияны алып тастай алады.

Ол үшін қолданушы парақшасының жоғары жағында тұрған бұғаттау батырмасын басып, төменге қарай түсуі керек. Онда "Show Activity Status" деген функция көрсетілген. Парақшасына соңғы рет кірген уақытын алып тастау үшін ондағы батырманы жылжыту керек. Айта кетейік, әзірше бұл функция тек ағылшын тілінде жазылып жүр.

Дереккөз: appleinsider.ru

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде