{metadescription}
Астанада әуежай мен вокзалдағы автотұрақ аязды күндерде тегін болады

Астанада әуежай мен вокзалдағы автотұрақ аязды күндерде тегін болады

Астанада қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты, атап айтқанда қатты аяз күндері теміржол вокзалы мен халықаралық әуежайдың даладағы тұрақтары тегін болады.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты ашық тұрақтардағы шлагбаумдар «ұйқы режимінде» болады. -40 градус жағдайында шлагбаумдар істен шығып, кептелістерді туындатуы мүмкін», - делінген. Уақыт үнемдеу мақсатында шлагбаумдар ашық тұрады, даладағы ақылы көлік тұрағына кіру тегін болады.

Ал халықаралық әуежайдағы жабық тұрақтың тарифтері бұрынғысынша қала бермек. Күндіз 12 сағатқа дейін - 1 400 теңге.  12-ден 24 сағатқа дейін - 2 000 теңге.  Келесі тәуліктерде - 1 800 теңге.


 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.