{metadescription}
ХОК Ресей туын Олимпиада ойындары-2018 мінбесіне қоюға тыйым салды

ХОК Ресей туын Олимпиада ойындары-2018 мінбесіне қоюға тыйым салды

Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) Олимпиада ойындарына қатыспайтын елдердің туларын мінбеге шығаруға тыйым салды.

Сондықтан Пенчханда Ресей туы да қойылмайды. 2018-Ойындарында ресейлік атлеттер «Ресейдің олимпиадалық спортшылары» мәртебесіне ие және Олимпиада туының астында шығады.

2018 жылғы Олимпиада жарыстарына және Ойындардың жаттығу нысандарына тумен кіруге тыйым салынған.

ХОК желтоқсан айында «таза» орыстардың  Пхенчханға Олимпиадаға баруына шешім қабылдаған болатын. Бірақ олимпиада туы астында және «Ресейден келген олимпиадалық спортшылар» мәртебесінде ғана шығады. 

Кейінірек Олимпиадалық жиналыста ресейлік спортшылардың 2018-Ойындарда олимпиадалық тудың астында шыққысы келетін ниетін қолдады.

Айта кетсек, Олимпиада ойындары Пхенчханда 9-25 ақпан аралығында өтеді. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде