{metadescription}
Бір сағаттың  ішінде қарақшылық шабуылдың беті ашылды

Бір сағаттың ішінде қарақшылық шабуылдың беті ашылды

Көкшетау дүкендерінің бірінде істейтін сатушы Көкшетау ІІБ-сының кезекшілік бөліміне ақша ұрланғаны жайлы шағым түсірді.

Бұл туралы Patrul.kz хабарлайды.

Сатушы әйелдің айтуынша, белгісіз бір ер адам пышақпен қорқытып, 40 000 теңгені құраған бір күндік табысты алып кетті.

Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы келіп жетті. Тәртіп сақшылары жәбірленушіден жауап алып, бейнебақылау камераларына түскен жазбаларды қарап шықты.

Әйел қаскөйдің медициналық маскада болғанын айтты, сондықтан оның түрін дұрыс көрмепті.

Айта кететіні, жоғары деңгейде ұйымдастырылған іздестіру шаралары өз жемісін берді. Күдікті қылмыс болған жерге жақын орналасқан қонақжайлардың бірінде ұсталды. Полицейлер одан ұрланған ақша мен медициналық масканы тапты.

«Қарақшылық шабуыл дерегі бойынша ҚР ҚК 192-бабының 2-бөлігіне «Қарақшылық» сай сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде. Қазіргі таңда 34 жастағы сезікті қамауда.

Ұсталған ер адамның Айыртау ауданының тұрғыны екені анықталды. Сонымен қатар жұмыссыз болған күдіктінің СҚО-сындағы Саумалкөл қаласында болған бірнеше ұрлыққа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр», - деп мәлімдейді Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметі.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.