{metadescription}
ВИДЕО: Сәбиді әкесі қоқыс жәшігіне лақтыра салды

ВИДЕО: Сәбиді әкесі қоқыс жәшігіне лақтыра салды

Қытайдың Сюаньвэй қаласында ер адам жаңа туылған нәрестесінің түрінен шошып, оны қоқыс жәшігіне лақтыра салды.

Ер адам екі сағат бұрын ғана дүние есігін ашқан қызын қағаз пакетке орап, қоқыс жәшігіне лақтырып жатқан сәтінде бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Абырой болғанда, баланың жылағанын бейтаныс кейуана естіп қалып, оны құтқарады.

 Әкесі қызының денесі күлгін түсті болғаны үшін одан шошып, қоқыс жәшігіне лақтыра салғанын алға тартқан. Әйелі нәрестені пәтерде дәрігерлердің көмегінсіз босанып, ер адам болса дене түсіне бола тірі қалмайды деп ойлапты.

Ал дәрігерлер сәбидің денесінің түсі күннің суық болғанынан ғана өзгергенін және оның дін-аман дүниеге келгенін айтуда. Бүгінде нәресте балалар үйіне жатқызылған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.