{metadescription}
ВИДЕО: Балқыған металға қолын тығып, ғажайып көріністің куәсі болды

ВИДЕО: Балқыған металға қолын тығып, ғажайып көріністің куәсі болды

Армян жұмысшысы балқып тұрған металға қолын тигізіп, мүлдем күймеуге болатынын дәлелдеді.

Армениядағы металл балқыту зауытында түсірілген видеороликте жұмысшы ағып тұрған сұйық металды алақанымен ары-бері шарпиды. Бірақ, ыстық лаваға жалаңаш қолы тисе де оны күйік шалмайды. Терісі сап-сау.

Ғалымдар болса қолдың күймеуін ғылымда ертеректе дәледенгенін айтып отыр.

Яғни, егер теріге ыстық тисе алғашқы секунда сол ыстықты кері қайтаратын бу бөлінеді екен. Ол теріні күюден сақтайды.

Ал, егер ыстық сұйықтық денеге секундтан ұзақ уақыт тиіп тұрса онда міндетті түрде күйік шалады. Мұндай ерекше әдісті XIX ғасырдың металлургтері де жасаған.

Айта кетейік, болат пен темір 1400-1600 градус ыстықта балқиды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде