{metadescription}
Бейбіт Шүменов кәсіпқой боксқа қайта оралды

Бейбіт Шүменов кәсіпқой боксқа қайта оралды

Қазақстандық боксшы, бірінші ауыр салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО) кәсіби боксқа қайта оралды

Айта кетейік, 2017 жылдың сәуір айында Шүменов пен кубалық Юниеру Дортикос (21-0, 20 КО) өзара кездесу өткізуі керек болатын. Алайда қазақстандық боксшының жарақат алып қалуына байланысты кездесу кейінге қалдырылды. 

Маусым айында Бейбіт Шүменов бірінші ауыр салмақтағы WBA чемпиондық титулдан бас тартып, көзінің жарақатына байланысты бокстан кететінін мәлімдеді.  

Бейбіт Шүменов АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында промоутерлік лицензиясы бар жалғыз шетелдік боксшы. Оның KZ Event Productions, Inc. Промоутерлік компаниясының Showtime, ESPN, Fox Sports Network, NBC Sports каналдарымен алдын ала келісімдері бар. Боксшы осындай мүмкіндіктерді пайдалана отырып, ол өзінің кәсіби мансабын жалғастыратынын және отандық боксшылардың Қазақстанда ғана емес, әлемде танылуы үшін қолдау білдіретінін айтты. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.