{metadescription}
ФОТО: Ақтөбелік 8 жасында Қазақстанның рекордтар кітабына енді

ФОТО: Ақтөбелік 8 жасында Қазақстанның рекордтар кітабына енді

Ақтөбелік оқушы Муса Туркумбаев Қазақстанның рекордын орнатты.

Ол 42 рет турникке тартылған.

Ақтөбеде мектеп оқушысы Муса Туркумбаев бұған дейін де 55 рет турникке тартылып, 1600 рет кеудені жерден көтеріп өз рекордын жаңартқан.

Енді 8 жастағы бала бұл рекордтық көрсеткішін әлем алдында дәлелдемек. Мектеп оқушысы 3 жасынан бастап спортпен шұғылданды. 

«Муса 2017 жылдың желтоқсан айында Қазақстан рекордын орнатты. Бұл бейнеролик үйіміздің ішінде түсірілді. Ол 42 рет турникке тартылды. Арада бір ай өткенде сол рекордтық көрсеткіштің сертификаты қолымызға түсті. Муса Қазақстан рекордтар кітабына енді. Алда үлкен белес бар. Біз әлем рекордын орнатқымыз келеді»,- деді Мусаның әкесі Асхат Туркумбаев.

Айта кетейік, Муса Туркумбаев әлем рекордын жаз айларына жасауы мүмкін. Қазір ол жан-жақты дайындалып жүр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

29 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде