Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда бокстан қыздар арасында ел чемпиондары анықталды
Алматыда бокстан 17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы ел чемпионаты өз мәресіне жетті.
16:45 29.01.2018
Бұл жарысқа еліміздің 11 өңірінен 92 боксшы қыз қатысты.
Бұрымды арулар арасындағы бокс додасы AIBA ережесі бойынша 10 салмақ дәрежесінде өтті. Жарысқа қатысушылар саны да жылдағыдан көп болды.
Жарыс қорытындысы бойынша Анель Құдайберген (48 кг), Жансая Әбдіраймова (51 кг), Айзада Еслямғали (54 кг), Еркежан Даулетжанқызы (57 кг), Мария Гладкова (60 кг), Зарина Халилулла (64 кг), Мая Бейсебаева (69 кг), Надежда Рябец (75 кг), Гүлсая Ержан (81 кг) және Дина Исламбекова (+81 кг) өз салмақ дәрежелерінде жеңімпаз атанды.
Дереккөз: vesti.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram