{metadescription}
Бейбіт Шүменов Қазақстанда жекпе-жек өткізуі мүмкін

Бейбіт Шүменов Қазақстанда жекпе-жек өткізуі мүмкін

Бірінші ауыр салмақтағы WBA және жартылай ауыр салмақтағы WBA Super тұжырымдары бойынша әлем чемпионы болған 34 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО) Қазақстанда чемпиондық жекпе-жек өткізуі мүмкін.

"Барлығы мүмкін. Біз қазір келіссөз жүргізіп жатырмыз. Әлі ештеме шешілмеді. Ақпан айының соңы мен наурыздың басында белгілі болып қалатын шығар", - дейді Шүменов. 

Ал боксшының PR-менеджері Арман Тілеукенов бұл жұмыспен беделді деген промоутерлік компаниялар жұмыс істеп жатқанын айтты. 

"Мықты деген промоутерлік компаниялармен келіссөз жүріп жатыр. Оның ішінде Бейбіт Шүменовтың KZ Event Productions INC промоутерлік компаниясы да бар. Қазір қарсылас іздеп жатырмыз. 

Жекпе-жек Қазақстанда өтіп қалуы мүмкін. Мүмкін Астанада шығар", - дейді Тілеукенов. 

Айта кетейік, Бейбіт Шүменов қазақ боксшылары арасында бірінші болып кәсіпқой бокста екі салмақ бойынша әлем чемпионы атанған. 

ДЕРЕККӨЗ: Vesti.kz
 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

29 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде