{metadescription}
ВИДЕО: 10 жастағы қазақстандық кәріс мультсериалына саундтрек жазды

ВИДЕО: 10 жастағы қазақстандық кәріс мультсериалына саундтрек жазды

«Голос Казахстана. Дети» байқауының алғашқы жеңімпазы Даниил Юн кәріс мультсериалына саундтрек жазды.

Оның дауысын қазақстандықтар Carrie Kids Song мультсериалынан тыңдай алады.

Анимациялық сериал жақында ТМД елдерінде орыс тілінде көрсетілетін болады. 

«Мен өмірімде бірінші рет мультфильм сауднтрегін дыбыстадым. Мен үшін теңдессіз тәжірибе болды. Шетелдік дыбыс режиссерлерімен жұмыс жасадым. Олар үнемі менің даусымды мақтап, таң қалумен болды», - деді жас әнші.

Жас дарынның талантына таң қалған жоба авторлары Даниилді сериялардың бірінің түсірілім жұмыстарына қатыстырды.

Компания өкілдері болашақта сериал жалғасын тауып жатса, Даниил Юнді сериал кейіпкерлерінің даусын дыбыстауға шақырмақ. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде