{metadescription}
Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының ширек финалына шықты

Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының ширек финалына шықты

Футзалдан Словения елінің астанасы Люблянада өтіп жатқан Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы топтағы бірінші ойында Польша құрамасын ұтты. 5:1  есебімен жеңіске жеткен Какау шәкірттері ширек финалға шықты.

Құраманың Еуропа чемпионатындағы алғашқы голын Тайнан соқты. Жақында ғана Қазақстан құрамасында ойнауға мүмкіндік алған бразилиялық алғашқы ресми ойынында-ақ гол соғып, көзге түсті.

9 минутта Біржан Оразов Польша құрамасының қақпасына екінші голды тоғытты. Серік Жаманқұлов бір гол соқса, Михаил Першин айып соққысын сәтті орындады.

Екінші таймда поляктар есепті теңестіруге тырысты. 28 минутта Доменик Солецки гол соғып, командасын желпіндірді. Одан кейін ойындағы жүйелерін өзгертіп, қақпашыны ойыншыға алмастырды.

Ереже бұзумен де "ерекшеленіп", төреші Польша құрамасы қақпасына айып добын белгіледі. Бұл жолы Михаил Першин гол соға алмады.

Есесіне араға бірер минут сала Дуглас Қазақстан құрамасының ойындағы бесінші голын соқты. Нәтижесінде 5:1 есебімен жеңіске жеткен отандастарымыз ширек финалға жолдама алды.

Жарыс ережесі бойынша топтан екі команда шығады. 1/4 финалда Қазақстанға "А" тобындағы Сербия, Словения және Италия құрамаларының бірі қарсылас атанатын болады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2016 жылы Сербия астанасы Белградта өткен Еуропа чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

Дереккөз: vesti.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде